Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгілі, тазалық пен еңбек айы.
«19 наурыз – Жаңару күніне» орай 6 «Е» сыныбы және сынып жетекшісі Ақкүміс Қайратқызымен мектеп ауласындағы «Жасыл мектеп» жылыжайына барды. Жылыжайға тазалық жұмысын жүргізіп, өсімдіктерге су құйып жаңару жұмысын жүргізді. Оқушылар шараға белсене қатысты.
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, еңбекке деген құлшынысын арттыру.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, тазалық пен еңбекке баулудың маңызы зор. Балалар бұл күні өз белсенділігін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/C4srv6RsPNY/?igsh=MW5veGljY2lkYXUzcQ