Қара жорға – біртұтас желіге құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын, берік композициялы, нағыз буын биі. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ халқы бұл биді шаруадан қолы босаған кезінде билейтін болған.
І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында Жас мамандардың қатысуымен «Қара жорға» биінен флешмоб өткізілді. Флешмобқа мектеп мұғалімдері, жас мамандар толықтай дерлік белсене атсалысты.
Бүгінгі жас ұрпақтың, мектеп педагогтерінің Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған флешмобқа қатысуы шараға деген ерекше жауапкершілігі. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауда өткізілген әрбір іс-шараның маңызы зор.
https://www.instagram.com/reel/C4sv5avM_At/?igsh=ZDRtMjFmNzdkbmcw