Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар. Ұлттық киім кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының оқушылары 18 наурыз – Үлттық киім күнін атап өтті.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды ұлықтау, оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру
Елдігіміздің, төл мәдениетіміздің белгісі, негізгі көрінісі болған «Ұлттық киім» күнін балалар ерекше ықыласпен қарсы алды. Дәстүрімізге сай, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында өткен «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.
https://www.instagram.com/reel/C4p6utrMtv7/?igsh=MWwxNDN2Nng5eWZ5aw==