Адамның тұлғалық қалыптасуы отбасыдан басталады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында ШЖҚ МКК Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі әдіскері Сатымбекова Талжібек Сатылғазықызының ұйымдастыруымен «Отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері» тақырыбында бастауыш, орта буын сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді. Мектеп психологы Шонаева Баян Сериковна жиналыста ата-аналардың негізгі мәселесін анықтап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналарға психологиялық кеңестер беру, отбасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/C4ulx4zsPyN/?igsh=MWp0OTRreGlnNzdlbQ