БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ



‼️2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамыз аралығында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаймыз! 🟢Мектепке құжаттар 💻 электрондық үкіметтің https://egov.kz/ веб-порталы арқылы тапсыра алады. Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. 🟢1. Қабылдауға қажетті құжаттар: ✅фото 3*4 (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен; ✅баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы; ✅«Бала денсаулығының паспорты» 052y-2; 🟢2. Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттарды қабылдау бөліміне, 105 кабинетке тапсыру қажет. (туу туралы куәліктің көшірмесі, 2 дана фото 3*4 ақ жейдемен файлға салынған, «Бала денсаулығының паспорты» 052y-2; 🟢3. Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері 09:00-18:00, түскі үзіліс 13:00-14:00; ‼️Ескерту!‼️ ✅Өтініш беру үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілдері мектепке жеке куәлігімен келуі керек; ✅https://egov.kz/ порталы арқылы жүзеге асырылады. Толық ақпарат алу үшін: 40-83-82 (қабылдау бөліміне байланысу, 105 кабинет) 1-сыныпқа қабылдау нұсқаулығы