АНЫҚТАМАСЫ
Наурыз – оң өзгерістердің, келер жақсы жаңалықтардың жаршысы. Ұлыстың ұлы күні барша жұрт бас қосып, ізгі тілектерін білдіреді.
І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Әз наурыз құтты болсын!» тақырыбында ауқымды мерекелік концерт өтті. Шараға мектеп ұжымы, педагогтері түгелдей дерлік қатысты. Әр бірлестіктің мұғалімдері, ұызметкерлер қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетіп, өзара сайысқа түсті. Сонымен қатар қатысушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ұлттық ойындарды да ойнап бақ сынасты. Шара соңында ұжым мүшелері дипломмен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Табиғатпен үндес бұл күн әр шаңыраққа шаттық, әр адамның жүрегіне мейірім сыйлайды, қоғамды игілікті іске бастайды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңызы зор.
https://www.instagram.com/reel/C4vpwLesY_h/?igsh=cWdjdGJ3N2Rydjhw