Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
9 сәуір Ғылым күніне байланысты тарих бірлестігі 8-сынып оқушылары арасында “Нағыз жүйрік” тақырыбымен ТАРИХИ-ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Еліміздің өткен тарихын білу, өз халқының тарихи мұрасын құрметтеу. Жауапкершілік, ұжымшылдық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту, көкжиегін кеңейту.
Тарих бірлестігі 9 сәуір ғылым күніне орай «Білгірлер» танымдық ойын оқушылар мен мұғалімдер арасында өткізілді.Іс-шраның мақсаты:Білгірлер танымдық ойында тарих бойынша тақырыптарды қайталай отырып, оқушылардың, сұрақтармен жұмыс істеу нәтижелерін байқау және түсініктерін толықтыру.
Тарих ғылымында тұлғатану бағыты бойынша 09 сәуір күні тарих бірлестігі 8 сыныптар арасында І.Жансүгіровтың өмір жолын ортаға салып өлең жолдары арқылы өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Ең бастысы, тұлғатанулық тарих ғылымының дамуына ықпалын зерттеу барысында оқушылардың зерттеу жүргізудегі жетістіктері талқыланып, сұрақтар қойылып ортаға ойларын ашық жеткізіп отырды. Ұлт тарихын ұлы тұлғалармен байланысы кең түрде ойлар ортаға салынды.
«Ілияс күніне» арналған әдеби күн
Бүгін мектебімізде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, дара тұлға – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған «Ілияс күні» өтті.
5-сынып оқушылары ақынның жүрек тебірентер өлеңдерін жатқа оқып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Жас жеткіншектердің поэзияға деген сүйіспеншілігі мен Ілиястың көркем тілін жеткізудегі шеберлігі бізді тәнті етті.
Ілияс мұрасы – ұрпаққа аманат. Ақынның асыл сөздері әлі талай буынға шабыт берері сөзсіз!
5-сынып оқушылары ақынның жүрек тебірентер өлеңдерін жатқа оқып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Жас жеткіншектердің поэзияға деген сүйіспеншілігі мен Ілиястың көркем тілін жеткізудегі шеберлігі бізді тәнті етті.
Ілияс мұрасы – ұрпаққа аманат. Ақынның асыл сөздері әлі талай буынға шабыт берері сөзсіз!
https://www.instagram.com/reel/DITcA-QsnfD/?igsh=M3FncGljYnlpaWlz
«Ғылым декадасы» аясында ашық сабақ өтті
«Ғылым декадасы» шеңберінде жаратылыстану пәнінің мұғалімі Махметова Тоғжан 6-сынып оқушыларына «Ғарышқа жол: арманнан шындыққа» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар өз жобаларын таныстырып, табысты қорғап шықты. Олар ғарыш кеңістігін зерттеуге деген қызығушылықтарын көрсетіп, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін байқатты.
https://www.instagram.com/reel/DIdrn6rsKCY/?igsh=b2loczF3eXJieTBt