Мектеп тарихы

Білім ордасының кемел жолы

  • 2007-2008оқу жылында «100 мектеп-100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында №58 орта мектебі ашылды. Білім беру ұйымының ашылу салтанатының тұсауын  сол кездегі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев  салтанатты түрде кесіп, білім беру ұйымы білім алушыларға есігін айқара ашты. Алғашқы 2007-2008 оқу жылында 869 оқушы қабылданды.
  • 2008-2009 оқу жылында  мектебімізде «Ғаламдық жаҺандану жағдайындағы балалар ұйымдарының даму тенденциясы» атты халықаралық конференция өтті. Бұл конференцияға алыс-жақын шет елдерден жәнеде еліміздің түпкір-түпкірінен келген ғалымдар өз ойларын ортаға салып, бүгінгі жаһандану заманындағы ұрпақ тәрбиесіндегі өзекжарды пікірлерін білдірді.
  • 2009-2010 оқу жылдар аралығында п.ғ.к. А. Қ. Қисымованың «Біртұтас       педагогикалық процесті технологияландыру» атты тұжырымдамасы негізінде  тәжірибелік алаң жұмыс істеді. Аталған технология бойынша қалалық семинар  ұйымдастырылып, ұстаздар өз  тәжірибелерімен бөлісті.
  • 2010-2011оқу жылын 1032 оқушы бастады.  Осы оқу жылында мектеп бір ауысымда жұмыс жасауға рұқсат алды. Мұғалімдер мектептің стратегиялық даму бағдарламасына көбірек уақыт  жұмсай алатын болды. Мектеп директорының жетекшілігімен 11-сынып оқушылары С.Алиева, А.Өкеева мен С. Оспанова орындаған ғылыми жобалары «Фиджип-Евроталант» халықаралық шығармашылық және ғылыми жұмыстардың байқауында  Алтын медальмен және ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, мектеп қоржынын толықтырды.
  • 2011-2012 оқу жылында №58 орта мектебі Астана қаласы әкімдігінің №58 мектеп-гимназия мәртебесі беріліп, мектеп — гуманитарлық бағытта білім беруге басымдық бере бастады.
  • 2012-2013 мектебімізде белгілі тұлғалар мен қоғам қайреткерлері  Бекболат Тілеуханов, Мұхтар Шаханов, Толымбек Әбдраймов сынды тұлғалар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен  кездесу дәстүрге айналды.
  • 2013-2014оқу жылында мектебіміздің оқушысы өнерлі мақтанышымыз Жүгінісов Мұхамедәли Украинада өткен «Детская новая волна»  сайысында 3-орынды, Грекияда  өткен «Евровидение» байқауында бас жүлде, «Аялаған Астана» байқауында Гран-при иегері болды.

2014-2015 оқу жылында «Білім алушылардың функциаоналдық сауаттылығын жүзеге асырудағы «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімділігі» тақырыбында республикалық төртінші форум өтті. Форум аясында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты республикалық он үшінші ауызша командалық олимпиаданың нәтижесі бойынша №58 мектеп гимназиясының оқушылары жоғары деңгейге қол жеткізді.

2007-2015мектеп директоры
2015 жылдан бүгінге дейін мектеп директоры
  • 2015-2016 оқу жылында мектебіміздің директоры Алма  Қайырболатқызы Умарова еңбек демалысына шықты. Білім жолында білікті басшы болып, өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған Алма Қайырболатқызы салған сара жолды жаңа басшы  педагогика ғылымдарының кандидаты Самал Ботаханқызы Нугуманова  жалғастырып, бүгінде түрлі инновациялық жобалардың бастамашысы болуда.
  • 2016-2017 оқу жылын 2300-дей оқушы мен 130 дан астам ұстаз бастады. Білім ұясы 10-шы оқу жылына аяқ басты. Мектептің 10-жылдық мерейтойы аталып өтті. Соған қарамастан, қол жеткізіп үлгерген табыстары оны елордадағы алдыңғы қатарлы мектептер қатарына қосып, қала бойынша 84 мектептің ішінде алдыңғы ондыққа тұрақтады.Сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби бірлескен «Самғау» класстері аясында қаланың көшбасшы метептерінен (№67,№40,№34,№58) бірлік кәсіби қоғамдастығы құрылып, №58 мектеп-гимназия  жетекшілік еткен болатын. Қаламыздың мектептерімен бірлескен жұмыс нәтижелі жүргізіліп, өзара мектеп ұстаздары тәжірибе алмасты. Осы оқу жылында мектебіміздің тәжірибелі, ұлағатты ұстазы тарих пәнінің мұғалімі Бимендин Болат Дуйсимбекұлы «Үздік ұстаз – 2017» қалалық байқауда жүлделі 3- орынға ие болып, мектеп мәртебесін жоғарыдан көрсетті.
  • 2017-2018 оқу жылында 13 инновациялық алаң өз жұмысын бастады. «Экологиялық», «Техникалық», «Шығармашылық және Зияткерлік» бағытта жұмыс жүргізе бастады. Робототехника кабинеті мемлекеттік стандартқасай жабдықталып ашылды. Мектеп Америка елшілігіменмеморандумға отырып, олармен тығыз байланыстажұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушылары Робототехника бойынша  Мәскеуде өткен II халықаралық ғылыми-практикалық конференцияғақатысып жүлделі 1-орын иеленді.
  • Мектеп директоры Самал Ботаханқызы Нугуманованың бастамасымен қалалық семинар өтті. Семинарға қатысушы қала мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен «Гидропоника зертханасының»   ашылуы өтті. Осы оқу жылында жұмысын бастаған инновациялық алаңдар 2018 жылдың 29 ақпанында мектебімізде  өткен Республикалық инновациялық форумда жобаларымен бөлісті.Сондай-ақ осы жылы мектебімізде Оқырман ортасы «Оқырман оқушыдан,  оқырман мектепке» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында оқырмандардың көркем шығармаға деген қызығушылығы артты.
    • 2018-2019 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «І Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия  КММ» болып аталды. «PASCO», « STEAM»  деп аталатын заманауи үлгідегі  материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталған инновациялық кабинеттер  ашылды.
      Әдебиет өнерінің  алтын қорына енген тұлға мұраларын насихаттай отырып, оқырман ортасын қалыптастыру мақсатында 2018 жылы   Павлодар облысы, Баянауыл өңірінің тумасы, көрнекті ақын, этнограф, фольклортанушы, шежіреші, философ, әулие  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арнап,  «Мәшһүртану» кабинеті ашылып, ақынды әр қырынан тани отырып, бірнеше шәкірттер ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуді бастады. Аэропоника зертханасы ашылды. Зертхананың ашылуында Астана қаласының Білім Басқармасының басшысы А.К.  Жангозин, «Зертис» компаниясының директоры Арман Тастанбеков қатысты. Оқушыларға тарихи-танымдық орта қалыптастыратын үстел ойыны «Қазақ хандығы» ойыны  кабинеті ашылды.

      2019-2020 оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің «І Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия КММ»  енді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК болып атауы өзгерді. Мектептің даму процесі өзін-өзі қаржыландыру жүйесімен жүзеге асырылатын болды.

      Сондай-ақ мектебімізде халықаралық жоба «SHARE» еріктілері зерттеу жұмысын бастады. Мектеп басшысы С.Нугуманова мен мектеп ұстаздары Кембридж Университетіне барып, тәжірибе алмасты. Халықаралық жоба бойынша жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары өз нәтижесін беруде.

      • 2020-2021 оқу жылында «І. Жансүгіровтың өнегелі жолы» атты Республикалық онлайн-семинар ұйымдастырылды. Республиканың білім алушылары І. Жансүгіровтың шығармашылығын ортаға салып, өз  білімдерін көрсетті. Іс-шараға  І.Жансүгіровтың немересі Жансүгірова Лейла Болатқызы қонақ ретінде қатысты. Мектеп оқушылары қала, республика, халықаралық деңгейде олимпиада, ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары болды.
      • 2021-2022 оқу жылында мектебімізде І. Жансүгіров мұражайы ашылып, өз жұмысын бастады. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков пен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мұражайдың ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды. Бүгінде мұражай тарихқа толы тағлымымен көрермен ұрпаққа сыр шертуде.
      • 2022-2023оқу жылында мектебіміз жаңа кабинеттермен толықты.Заманауи модификациялық үлгідегі химия, биология, физика кабинеттері білім алушыларға жағымды орта қалыптастыруда. Сондай-ақ «Жасыл мектеп»  жобасы аясында мектеп ауласында жылыжай бой көтерді.

        Биология кабинеті

        Физика кабинеті



        Химия кабинеті

         

        • 2023-2024 оқу жылында мектебімізге жаңа басшы тағайындалды. Әлеуметтік педагогика ғылымдарының докторонты, мектеп директоры Нұғман Ақмоншақ Нұртазақызы өзінің бастамаларымен мектептің даму жоспарына жаңа серпіліс әкелді.
        • Осы оқу жылында мектеп жаңа жабдықталған кабинеттермен толықса , оқушыларға ұлттық құндылықтарды дарыту орталығы «Қара шаңырақ» кабинеті ашылды.Сондай-ақ мектебіміздің атауы берілген жыр құлагері І.Жансүгіров кабинеті, ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығы  ұстаздарымызға арналған арнайы демалыс бөлмесі ашылып, іске қосылды. І.Жансүгіровтың 130 жылдығына орай мектебімізде Республикалық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды. 2023-2024 оқу жылында мектеп оқушылары мен мұғалімдері оқу- тәрбие үрдісінде қалалық, республикалық, халықаралық  жетістіктерге қол жеткізді. Осы оқу жылында 115 шәкіртіміз оның ішінде 3 Алтын белгі иегері, 7 қызыл аттестат игерлері  білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қақты.
          Мұғалімдер бөлмесі                                                          «Қара шаңырақ» кабинеті

           

        • 2024-2025 оқу жылы мектебіміз білім алушыларға заманауи үлгіде жасақталған кабинеттерді ұсынды. Атап айтқанда тарих, қазақ тілі мен әдебиеті , математика кабинеттері ашылды.
                                                                                                                            Тарих кабинеті


                                                                                                        Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті

                                                                                                                 Математика кабинеті

           

         

         

 

Достарыңызбен бөлісіңіз
Астана қаласы әкімдігінің "Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК